Жаңалықтар
30-го сентября 2022 г. 05:42
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов журналистермен кездесу өткізді. Оның барысында өңір басшысы облыстың өзекті проблемалары мен оларды шешу жолдары туралы айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Кездесу кезінде журналистер әкімнен оның жалақысының көлемін сұраған. Алайда Тоғжанов өңір басшысы қызметі үшін қанша алатынын айтудан бас тартты.
"Ештеңе айта алмаймын. Мен сіздерден жалақыңыз қанша деп сұрамаймын ғой", - деді ол.
Еске салсақ, 31 тамыз күні Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалған. Бұған дейін ол ҚР премьер-министрінің орынбасарын қызметін атқарған.