Жаңалықтар

Мемлекеттік қорға 177 млрд теңге қайтарылды

Мемлекеттік қорға  177 млрд теңге  қайтарылды

Балауса ЖАҚСЫБАЙ

Активтерді қайтару жөніндегі жұмыс шеңберінде арнаулы мемлекеттік қор бүгінде 177 млрд теңгеден астам ақшалай қаражатпен толықтырылды, деп хабарлайды KazFace.kz.

Тізілім субъектілерімен жасалған келісімдердің нәтижелері бойынша шамамен 147 млрд теңге, процестік келісімдері бойынша 19 млрд теңге, активтерді өткізуден 6 млрд теңгеден астам, соттардың шешімдері бойынша шамамен 5 млрд теңге және жылжымайтын мүлікті жалға беруден 165 млн теңгеден астам қаражат түсті, – делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, өткізілген активтердің ішінде екі вилла, әкімшілік ғимарат, тұрғын үй, пәтер, жер учаскесі және екі автокөлік бар.

Алматыда «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектісінен жер 176 млн теңге бағамен қабылданып, 657 млн теңгеге, яғни бастапқы бағалау құнынан 4 есе артық сатылған. Сонымен қатар, тізілім субъектілерімен келісімдер бойынша арнаулы мемлекеттік қорды 150 млрд теңгеден астам қаражатпен қосымша толықтыру күтіледі, – делінген хабарламада.

Барлық қайтарылған қаражат елдің әлеуметтік және экономикалық жобаларын іске асыру үшін пайдаланылатын болады.