Жаңалықтар

Мемлекеттік қаражатты ойынға тіккен басшылар тексерілуде

Мемлекеттік қаражатты ойынға тіккен басшылар тексерілуде

Ақтөбеде спорт мектептерінің басшылары бюджет қаражатын  ойынға ақша тігіп ұтылған, деп хабарлады KazFace.kz.

"Ақтөбе облысының прокуратурасы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің директорлары бюджетке түсуге жататын спорт алаңдары мен залдарды жалға беру қызметі үшін әуесқой спорт командаларынан алынған қаражатты негізсіз бергенін анықтады. Соңғы үш жылда кәсіби клубтарды дамытуға арналған шығыстар екі есеге ұлғайтылды, республикалық және халықаралық жарыстарға дайындалуға және қатысуға бюджеттен Т13 млрд. астам спорт мектептерінің директорлары бюджеттен Т6 млн. астам заңсыз жұмсалды. Аталған ақшалай қаражатты директорлар өз қажеттіліктеріне, оның ішінде букмекерлік кеңселердегі ставкаларға жұмсады", - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, "Ақтөбе" футбол клубы командасының ұшуы бойынша билеттерді бірнеше делдал арқылы Т165 млн. астам сомада жоғары бағамен сатып алу фактілері анықталды.

Барлық осы фактілер бойынша прокуратура тергеу ісін бастады.