Мемлекет басшысы партия атауын «Аманат» деп өзгертуді қолдады
Мемлекет басшысы «Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгертуді қолдады. Бұл туралы Мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн форматта өтіп жатқан Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII Съезі кезінде айтты.
"Қазір әлемдегі азуал өзгеріп жатыр. Осындай аумалы-төкпелі заманда біз жаңа даму кезеңіне өтті. Барлығымыз Жаңа Қазақстандық құруға жұмыла кірісіп жатырмыз. Партия жаңа бастамаларға ұйытқы болуы тиіс. Сондықтан бүгінгі басты мәселе – партияның жаңғыртылуы. Осыған орай, саяси ұйымның атауын «Аманат» деп өзгерту ұсынылды. Бұл пікірталасқа мен де қатыстым. Бірнеше ұсыныстың ішінен «Аманат» деген атауға тоқтадық. Бұл ұлт үшін де, залық үшін де қастерлі ұғым. Бұл мемлекеттілік пен ұрпақ жалғастығын көрсетеді. Халқымыз ешқашан аманатқа қиянат жасамаған. Мен партиямызды ресми тұрде «Аманат» деп атауды толық қолдаймын", деді Мемлекет басшысы.