Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Димаш Құдайбергенге көңіл айтты

Мемлекет басшысы Димаш Құдайбергенге көңіл айтты

Танымал әнші, өнер қайраткері Димаш Құдайбергеннің атасы – Құдайберген Айтбайұлының дүниеден өтуіне байланысты Айтбаевтар әулетіне мемлекет басшысы көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды KazFace.kz. 

Әулеттеріңіздің ардақтысы, елге танымал, халық сыйлаған абыройлы ақсақал Құдайберген Айтбайұлының дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын. Айнала төңірегіне мейірім шуағын шаша білген Құдайберген Айтбайұлының жарқын бейнесі оны білетіндердің жадында сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Құдайберген Айтбайұлы ауыл шаруашылығы саласының дамуына өзіндік үлес қосқан еңбек ардагері. 2019 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Құдайберген ақсақал 82 жасында дүниеден озды.