Мектеп бухгалтері 76 млн. теңге жымқырған
Маңғыстау облысында прокурорлар облыс орталығының жалпы білім беретін мектептерінің бірінде 76 млн теңгеден астам бюджет қаражаты ұрланғаны анықталды, деп хабарлайды KazFace.kz.
Тергеу барысында аталған мектептің есепшісі кінәсін толықтай мойындады. Сот үкімімен кінәлі адам ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша 5 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды, - делінген Маңғыстау облысы прокуратурасының хабарламасында.
Штаттық кесте мен банктік шоттарды салыстыру барысында 3 жыл бойы өзіне артық соманы есептеген мектептің бас бухгалтерінің тиісті және іс-жүзінде төленген жалақысының арасындағы айырмашылық анықталды. Аталған факті бойынша прокурорлармен қылмыстық іс қозғалып, тергеу ЭТД-не тапсырылды.