Жаңалықтар

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 5 жылға сотталды

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 5 жылға сотталды

Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасы бойынша айыпталушыларға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды KazFace.kz. 

Іс бойынша барлығы 12 адам кінәлі деп танылды. Соның ішінде вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 217-бап бойынша кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды. 

- Компания басшысы Руслан Бурханов 12 жылға, құрылтайшысы Андрей Ча 5 жылға, Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 5 жылға бас бостандығынан айырылды, - делінген хабарламада.

Ал, Төребаев пен Шерниязовтан басқа сотталушылардың барлығы дерлік Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп танылды. Атап айтқанда 217-бап - "қаржы пирамидасын құру және басқару", сосын 262-бап - "ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және басқару".

Айта кетейік, былтыр 12 желтоқсанда қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған танымал вайнерлердің ісі сотқа жолданған.

Қадағалау органының мәліметінше, қылмыстық істің негізінде 41 жылжымайтын мүлікке, 3 автокөлікке, 9 банк шотына және 16 компанияның жарғылық капиталындағы әртүрлі үлестерге тыйым салынған.