Қоғам

Медициналық қызметкерге шабуыл жасаған әйел айыпты деп танылды

Медициналық қызметкерге шабуыл жасаған әйел айыпты деп танылды

Степногорск қалалық соты медициналық қызметкерге кәсіби міндеттерін орындау кезінде жеңіл дене жарақатын салу бойынша қылмыстық іс қарады деп хабарлайды KazFace.kz.

Сот отырысында былай делінген: Жедел жәрдем фельдшері О. науқасқа эпилепсия ұстамасы кезінде медициналық көмек көрсету үшін келген. Үйдің ауласында науқаспен бірге В. және басқа да адамдар болған. Олар жедел жәрдем бригадасының шақыртуға кеш келгеніне наразылық білдіріп, фельдшермен сөзге келді.

Фельдшер науқасты жедел жәрдем көлігінің ішіне кіргізгенде, В. да бірге кіруге тырысқан. Алайда, фельдшер оған науқаспен туыс емес екенін айтып, кіргізбеуге тырысты. Осыған жауап ретінде В. фельдшерді жұдырығымен бетке ұрып, оған жеңіл дене жарақатын салды.

Соттың шешімімен В. қоғамдық жұмысқа 400 сағатқа тартылып, оған тәртіптік талаптар белгіленді. Сот үкімімен фельдшер О.-ға келтірілген материалдық зиян үшін 90 мың теңге, моральдық зиян үшін 500 мың теңге өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.