Мәссаған, Африкада қар жауды!
Оңтүстік Африканың ең ірі қаласы Йоханнесбургте соңғы 10 жылда алғаш рет қар жауды, деп хабарлайды KazFace.kz BBC арнасына сілтеме жасай отырып.
Мұндай ауа райы – теңіз деңгейінен 1700 метр биіктікте орналасқан
Йоханнесбург үшін сирек жайт. Соңғы рет қар мұнда 2012 және 1996 жылдары жауған.
Синоптиктердің мәліметінше, қалаға және Оңтүстік Африканың таулы аудандарына суық ауа ағыны келген. Сол себепті қала жаздың шілде айында ақ мамық қарға оранды.
Бейнежазба арқылы тұрғындардың тіптен қуанып жүргенін аңғара аламыз.
Сонда да билік оңтүстік африкалықтарға жылы киінуге кеңес берді, өйткені суық фронт елдің көп бөлігін қамтыды. Бұл суық кем дегенде бір апта сақталуы мүмкін екені болжанып отыр.
Әзірге қардың жаууы үлкен қиындықтар туғызбады, - деді Оңтүстік Африка ауа райы қызметінің (Saws) өкілі.
Сондай-ақ Оңтүстік Африканың бірқатар провинцияларында, соның ішінде Шығыс Кейпте, Мпумалангада және Йоханнесбург пен Соуэто кіретін Гаутенг аймағында қар жауды.