Құмар ойындарына тосқауыл қойылмақ
Балауса ЖАҚСЫБАЙ
Депутат Руслан Берденов мәжілістегі екінші оқылымнан кейін құмар ойындар туралы заң жобасы сенатқа жіберілгенін айтты, деп хабарлайды KazFace.kz.
Оның аутынша жаңа заң жобасында маңызды өзгерістер күтілуде. 95 % жарнама бұғатталып, 3,5 млн микрокредит алып, ойын ойнаған азаматтар құмар ойындарынан шектетіледі. Мемлекеттік қызметтегі және әскери қызметтегі адамдар құмар ойындарын ойнай алмайды. Бұл 280 мыңға жуық адам. Олар ойын ойнағаны анықталса, бірден жұмыстан шығарылады. Келесі өзгеріс азаматтар өздерін құмар ойындардан 10 жылға дейінгі мерзімге өз бетінше Egov қосымшасы арқылы шектей алады.
«Қазіргі таңда құмар ойындарынан шектелген адам саны 150 мыңға жетті. Жалпы 4 млн ға жуық адамды құмар ойындарынан шектеп, бұғаттап тастадық. Алдағы уақытта бұл заң жобасымен шектелмей, мәжілісте басқа да заң жобалары аясында құмар ойындарымен күресу жолдарын қарастыратын боламыз», - деді депутат.
Жалпы, заң жобасы ойын бизнесін бақылауды күшейтуге және құмар ойындармен байланысты тәуекелдерді азайтуға бағытталған.