Жаңалықтар
27-го апреля 2022 г. 03:29
Тұрғын түсірген суреттерін "Лада" басылымына жолдаған.
Қаражаңбас кен орыны Ақтаудан 230 шақырым қашықтықта Бұзаушы түбегінде орналасқан. Суреттердің авторы нақтылап өткендей, сүтқоректілер теңіз жағалауына жақын кеніштің сол жағында қырылып жатқан. Тұрғынның пайымдауынша, олардың қырылуына Каспийдің таяздығы себеп болған секілді.
Маңғыстау облысының балық инспекциясы басқармасы хабарлағандай, Бұзаушы жартылай түбегіне ведомство қызметкерлері жіберілді.