Жаңалықтар

Маңғыстау облысында білім бөлімінің басшысы ұсталды

Маңғыстау облысында білім бөлімінің басшысы ұсталды

Маңғыстау облысында Білім бөлімінің басшысы ұсталды, - деп хабарлайды KazFace.kz Антикорға сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласында заңсыз баюдың жемқорлық схемасын ашты. Жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралардың нәтижелері бойынша Ақтау бойынша Білім бөлімінің басшысы әшкереленді.

"Ол аз қамтылған отбасылардан шыққан отбасыларға тамақтандыру қызметтерін көрсету бойынша жасалған шарттар шеңберінде орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны, ақша қаражатын аудару және жалпы қамқорлығы үшін пара алу дерегі бойынша күдік ілінді. Соттың санкциясымен күдікті қамауда ұсталады", - делінген хабарламада.

Соталды тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланған.