Маңғыстаудағы оқушылар неден уланғаны анықталды
Балауса ЖАҚСЫБАЙ
Оқушылар жаппай уланғаннан кейін Маңғыстау облысының ұлттық сараптама орталығы зертханасының мамандары эпидемиологиялық тексеру жүргізіп, асхана қызметкерлерінен сынама алу кезінде өрескел санитарлық бұзушылықтар анықталды.
Картоп пюресі, құс еті, тұздық және компот сынамаларында патогендік бактериялар табылды. Ал мектеп асханасынан алынған шайындылар мен жағындылардың 20% - нан ішек бактерияларының болуы дәлелденді.
Асхананың 10 қызметкері сынама тапсырды. Олардың ішінде-медицина қызметкері және ЖК өкілі. Нәтижесінде алты қызметкерде стафилококктар анықталды. Сондай-ақ, ыдыс жуатын мектеп асханасының қызметкері дизентерияның тасымалдаушысы болып табылады. Ол сонымен бірге тамақ тарату функцияларын орындап, осылайша тамақ өнімдерін жұқтырған.
Медициналық кітапшаларды тексеру кезінде асхананың төрт қызметкері жалған медициналық тексеруден өткені анықталды.
"Облыстық прокуратураға және облыстық ПД-ға хат жолданды. Қазіргі уақытта Мұнайлы аудандық полиция бөлімімен ҚР ҚК 304-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды ("санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу"), сотқа дейінгі тергеп – тексеруді бастады",-деді Маңғыстау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының м.а. Асылбек Шаров.