Жаңалықтар

Ұлытауда 90 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Ұлытауда 90 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Ұлытау облысының прокуратурасы мемлекет мүддесін қорғау бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығына арналған, бірақ көп жылдан бері мақсатсыз жатқан 90 000 гектар жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды KazFace.kz.

Тексеру барысында Ұлытау ауданының кейбір жер пайдаланушылары Қазақстан Республикасының жер кодексінің талаптарын бұзып, жерді игермегені анықталды. Прокуратураның қадағалау актісі негізінде кадастрлық құны 147 млн теңгеден асатын жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бұл жұмыстар — президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында айтылған міндеттерді орындаудың нақты көрінісі.

Ендігі мақсат — осы жерлерді ауылдық жерде тұратын адал және белсенді азаматтарға беру.

Аталған шаралар жер ресурстарын тиімді пайдалану мен ауылдық аумақтарды дамытуға жаңа серпін береді.