Ұлытау облысындағы апатқа байланысты үкіметтік комиссия құрылды

Әйгерім ШАЯХМЕТОВА
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жомарт» кенішінде апат болды, деп хабарлады KazFace.kz.
Опырылған жерасты щахтасында 7 кенші қалған. Өкінішке қарай, олардың барлығы да қаза тапты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақмыс» корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Сондай-ақ мемлекет басшысы үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеру жөнінде міндет жүктеді.
Салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсету туралы тапсырма берілді. Осы оқиғаға байланысты үкіметтік комиссия құрылды. Комиссияны Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарды.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы шахтаның опырылуы себептерін анықтау және зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Вице-премьерге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіру үшін төтенше жағдай болған жерге шұғыл бару тапсырылды.