Қоғам
Пресс-релиз

Құрылтайдың жаңа бағыттары ЕНУ-да талқыланды

Құрылтайдың жаңа бағыттары ЕНУ-да  талқыланды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ҚХА кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары мен сапапшылар IV Ұлттық құрылтайда айтылған даму перспективаларды талқылады, деп хабарлайды Kazface.kz. 

Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Қазақстанның тәуелсіздігіне 40 жыл толуына орай, елдің жетістіктері мен болашақтағы даму бағыттары талқыланды. Президент Қ.Тоқаев еліміздің стратегиялық төрт тірек бағытын атап өтті: цифрландыру және жасанды интеллект, логистика, агроөнеркәсіп кешені және энергетика.

Бұл салалар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрақты өсуді қамтамасыз ету үшін маңызды болып табылады. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Наталья Калашникова Ұлттық құрылтай аясында ҚҚДИ мен ҚХА кафедрасы арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, ғылыми-сарапшылық дипломатияны дамыту қажеттігін білдірді.  Ұлттық құрылтай аясында талдау баяндамалары да жарық көрді. 2023 жылы қоғамдық-саяси тақырыптар бойынша 5 баяндамадан кейін, 2024 жылы тағы үш баяндаманың нәтижелері ұсынылды. 

Бұл баяндамалар Қазақстандағы жалпыұлттық құндылықтарды, жастардың тәрбиесін және креативті сектордың дамуын зерттеуге бағытталған. 

Кездесу барысында қатысушылар Ұлттық құрылтайға қатысты өз сұрақтарына жауап алып, талқылаулар нәтижесінде еліміздің болашақ даму жолдары туралы жаңа тұжырымдар жасалды. Қоғамдық-саяси үдерістердің сараптамасы мен ғылыми жұмыстардың нәтижелері Қазақстанның әлеуметтік және саяси өмірін жетілдіруге бағытталған маңызды қадам болып табылады.