Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары ұсталды
Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары Константин Воронкин ұсталды,-деп хабарлайды KazFace.kz.
«ІМ ұлттық ұлан бас қолбасшысы орынбасарының заңсыз әрекетке барды деген күдікпен ұсталғанын растады. Министрлік өз қатарындағы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік туралы өзінің принципті ұстанымын білдіреді, осыған байланысты қолданыстағы заңнама шеңберінде объективті және жан-жақты тергеу жүргізілетін болады, - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Ұлттық ұланның сайтында Константин Воронкиннің ұлттық ұлан бас қолбасшысының техника мен қару-жарақ жөніндегі орынбасары екені жазылған. Воронкин бұл қызметке 2020 жылдың 24 қарашасында тағайындалған.
Ол қызметтік жолын Шымкент қаласында взвод командирінен бастаған. Кейін құқықтық тәртіп әскерінде техника және қару-жарақ бағыты бойынша түрлі лауазымдарда қызмет еткен. 2011 жылдан бастап Ішкі әскерлер, бұдан соң ұлттық ұлан бас қолбасшылығында техника және қару-жарақ басқармасына басшылық жасап келген.