Жаңалықтар

LRT желісінің жұмыстарына байланысты Сығанақ көшесінде қозғалыс шектеледі

LRT желісінің жұмыстарына байланысты Сығанақ көшесінде қозғалыс шектеледі

Дильназ МУРЗАГАЛИЕВА

LRT желісінің жобасын іске асыруға байланысты Сығанақ көшесінің бойында монолитті темірбетон арқалықты орнату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы KazFace.kz. тілшісіне Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева хабарлады. 

Осыған байланысты, 29 тамыздан бастап Сығанақ көшесі бойынша "Номад" тұрғын үй кешенінен Ақмешіт көшесіне дейін (“Еуропа сарайы” тұрғын үй кешені) оңтүстік жағымен көпірге қарай бағытта қозғалыс шектелген. Бұл ретте Сығанақ даңғылы арқылы өтетін жол Сауран және Ақмешіт көшелерінде ашылады. 

Айта кетейік, жабылу мерзімі 30 қарашаға дейін.

Көрсетілген шектеулер бойынша осы учаскеде өтетін қоғамдық көлік қозғалысында өзгерістер болмайды.

Еске сала кетейік, Astana LRT құрылысы 2011 жылы басталып, ЭКСПО-2017 көрмесіне дейін аяқталу керек болатын, алайда кейінірек қаржыландырудың жетіспеуіне байланысты мерзім бірнеше рет ұзартылған еді.