Билік
1-го сентября 2023 г. 07:26
Дильназ МУРЗАГАЛИЕВА
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында көлік министрлігін қайтаруды тапсырды, деп хабарлайды KazFace.kz.
Бұл саланың қарқынды дамуы-стратегиялық міндет. ЖІӨ құрылымындағы көлік-логистика секторының үлесі таяудағы үш жыл ішінде кемінде 9 пайызға жетуі тиіс. Ол үшін саланы тиімді басқаруды қамтамасыз ету өте маңызды. Жол инфрақұрылымын салумен айналысатын Көлік министрлігін қалпына келтіру керек, - деді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан Еуразиядағы тораптық транзиттік хаб ретіндегі өз позициясын күшейтіп, уақыт өте толыққанды көліктік-логистикалық державаға айналуы тиіс.