Жаңалықтар

Kolesa.kz пен Krisha.kz Астана мен Алматыда тегін жарнама беруді қайтарады

Kolesa.kz пен Krisha.kz Астана мен Алматыда тегін жарнама беруді қайтарады

Kolesa.kz және Krisha.kz платформаларының кейбір бөлімдерінде жеке тұлғаларға тегін хабарландыру беру қайтарылды, деп хабарлайды KazFace.kz

“Kolesa.kz жеке сатушылар үшін "жеңіл" бөлімінде хабарландырулар беру тегін болды. Ал Krisha.kz тұтынушылары үшін "пәтерлерді сату" бөлімінінде тегін хабарландыру бар", - деп түсіндірді Kolesa Group.

Бұған дейін мұндай хабарландыруларды ақылы түрде беру Алматы мен Астанада "жалған" хабарландырулардың санын азайту үшін тестілік режимде енгізілген болатын. Жалған хабарландыруларға шағымдардың саны 2 есе азайды, бірақ компания клиенттердің тәжірибесін ескере отырып, тәсілді қайта қарады.

Kolesa Group-тың миссиясы-адамдарға ең жақсы өнімдерді жасау арқылы сатып алуға және сатуға көмектесу. Өнімдердің мақсаты-сатушы мен сатып алушының байланысын мүмкіндігінше тиімді ету. Пайдаланушылардың кері байланысының арқасында Kolesa Group клиенттік тәжірибені жетілдіру бойынша үздіксіз жұмыс жүргізуде.

Компания өкілдері өнімдерді пайдалануды одан әрі жеңілдетіп, түсінікті етуді жоспарлап отырғандарын, ал коммуникациялар — ашық екенін айтты.