Жаңалықтар

Көкшетауда 11 млн теңге ұрлаған алаяқтар ұсталды

Көкшетауда 11 млн теңге ұрлаған алаяқтар ұсталды

Балауса ЖАҚСЫБАЙ 

Көкшетауда интернет-алаяқтар бірнеше адамды алдап, ірі қаражатты қолды қылған. Олар медицина қызметкерлеріне басшысы кейпінде хабарласып, депозиттегі қаражатын қорғау мақсатында 11 миллион 100 мың теңге аударуға көндірді, деп хабарлайды KazFace.kz.

Тағы екі адам зейнеткерлерге қатысты алаяқтық схеманың құрбаны болды. Оларға жақындарының жол-көлік оқиғасына түсіп, емдеу үшін ақша керек екені айтылып, қарт адамдардан 7 миллион және 552 мың теңге алынды.

Барлық фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Полицейлер азаматтарды абай болуға шақырып, күдікті хабарламаларға сенбеуге және қаржылық операцияларды орындамас бұрын ақпаратты тексеруге кеңес береді.