Көкшетауда мектеп басшылығы балалардың қысылғандығы үшін жазаланды
Дильназ МУРЗАГАЛИЕВА
Білім министрлігі оқушылардың қысымына байланысты мектеп басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады, деп жеткізеді KazFace.kz.
Айта кетейік, әлеуметтік желілерде мектеп оқушыларының дәлізде қысылып жатқандығы бейнеленген видео кең тарады. Қысымның себебі адам санының көп болуында, видеода тіпті балалардың жерге құлап, жылап, тұншығып жатқандығы көрінеді.
Көкшетау қаласының №1 мектеп-гимназиясында екі ауысымда 2866 бала оқитыны белгілі болды. Білім беру ұйымы үш ауысымның қатарына жатпайды. Сабақтар штаттық режимде өтеді.
Болған оқиғадан кейін Ақмола облысының білім басқармасы қызметтік тергеу жүргізіп, нәтижесінде оқу орнының басшылығын жазалау туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ оқиға орнына Ақмола облысының жаңа әкімі Марат Ахметжанов ескертусіз барды. Әкімнің мектепке тексеріс өткізгені туралы видеоны облыс әкімінің баспасөз қызметі жариялады.
Мен басқа жаққа кіріп кеттім, мені ешкім тосып алмады, есесіне мен нақты жағдайды көрдім. Ресми түрде келгенде, бәрін дайындап қоясыздар. Неліктен мұндай жұмыс қажет? Мектептердің дайындығын біреу тексерді ме? Егер ертең балалармен бірдеңе болса, кім жауап береді? Мемлекет басшысы бірінші кезекте тиісті жағдай жасау және балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қояды, - деп мәлімдеді Ақмола облысының басшысы.
Сондай-ақ Ахметжанов қала әкімі мен білім басқармасының өкілдеріне бұндай жағдайдың ендігі қайталанбауы үшін барлық мемлекеттік және жеке мектептерді тексеруді тапсырды.