Қоғам
24-го ноября 2025 г. 16:00
Жұлдыз ОРАЗХАН
Астана мен Ақмола облысының әкімдіктері алғаш болып жаңа жүйені енгізеді: енді тұрмысы төмен, D және E санатындағы тұрғындардың МӘМС жарналарын мемлекет емес, жергілікті атқарушы органдар төлейтін болады, деп хабарлайды KazFace.kz.
Жарна тек медициналық көмекке шынымен жүгінген адамдар үшін төленеді. Егер адам дәрігерге бармаса, әкімдік те төлемейді.
Цифрлық отбасы картасына сәйкес, Астанада бұл санатта 26 мыңнан астам адам бар. Мысалы, 2026 жылдың қаңтарында 5,2 мың адам медициналық қызмет алса, сол адамдар үшін жарналар ақпаннан бастап төленеді. Сондай-ақ ресми тіркелген жұмыссыздар үшін де өзгеріс бар: 2026 жылдан бастап олардың МӘМС жарналарын әкімдіктер өңірдің орташа жалақысы негізінде аударады.