«Кім Украина жеріне басып кіреді, біз бәрін өлтіреміз» – Гордон
Белгілі украиндық журналист Дмитрий Гордон Ресей мен Украина президенттеріне, сондай-ақ ресейлік сарбаздардың аналарына видеоүндеу жолдады.
Ол украиндықтар «Ресей басып алған жағдайда» оларды қонақжайлықпен қарсы алмайтынын, «өз жерін шақырылмаған қонақтардан қорғайтынын» мәлімдеді.
– Біздің, Украина халқының, киевтіктердің өз Отаны бар. Ал сенің оған қатысты қандай жоспарларың бар – бізге бәрібір. Киевті немесе Украинаның басқа қалаларын бомбалағыңыз келе ме? Бізге бәрібір, – деді Гордон.
Ол «Украина халқы елді қорғауға аттанады» деп уәде беріп, олар үшін туған жердің маңызы зор екенін баса айтты. Орыс әскері аналарына ұлдарын басып алуға жібермеуді өтінді.
– Бізді түсінгеніңізді қалаймыз: біз Украинаның жеріне аяқ басқандардың барлығын өлтіреміз. Басқа амалымыз жоқ, – деді тележүргізуші.