Қоғам

Кейбір шай түрлеріне уақытша санитарлық шектеу енгізілді

Кейбір шай түрлеріне уақытша санитарлық шектеу енгізілді

Балауса ЖАҚСЫБАЙ

Санитариялық талаптарға сай келмейтін кейбір шай өнімдерін елге әкелуге және сатуға уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды KazFace.kz.

Жаңа қаулы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 5 қаңтарында қабылданды.Тексеру барысында қара шай құрамынан қолдануға рұқсат етілмеген тағамдық бояғыштар (Е110, Е102, Е124) анықталған. Сондай-ақ шай қаптамаларында өндіріс пен қаптау орындарының жалған мекенжайлары көрсетілгені белгілі болды.

Осыған байланысты келесі қара шай маркаларын әкелуге және сатуға тыйым салынды:

«Апамның шәйі Premium Gold», «Al-Hayat Gold», «БАЛҚИЯ Premium Gold», «Sultan Suleyman», «Pakistan tea», «Aje Onim», «Al-Jannat Premium», «Alfarah» және басқа да бірқатар атаулар.

Аталған шаралар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.