Жаңалықтар

Каспий құбыр консорциумы нысандарының жұмысы қалпына келтірілді

Каспий құбыр консорциумы нысандарының жұмысы қалпына келтірілді

Каспий құбыр консорциумы нысандарының жұмысы толығымен қалпына келтірілді. «Құрманғазы» мен «Исатай» мұнай шығару станциялары штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлады Каспий құбыр консорциумының ресми сайты. 

Каспий құбыры консорциумының баспасөз қызметінің мәліметінше, «КҚК-К» АҚ қызметкерлері мен мердігерлері ауа райының қолайсыздығы салдарынан болған оқиғадан кейін бірден қалпына келтіру жұмыстарын бастаған. Бұған «KEGOC» АҚ-ның электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компаниясының апаттық бригадалары белсене атсалысқан. Консорциум аталған кәсіпорынның өз апаттық қорынан қажетті 220 кВ-тық тірек бөліп, оларды жедел тиеу мен жөнелтуді ұйымдастырғанын атап өткен. 

«Қазіргі уақытта Теңіз-Новороссийск мұнай құбыр жүйесі қалыпты жұмыс істеп тұр, бұл мұнай жөнелтушілердің сұраныстарын орындауды қамтамасыз етед», - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, 27 шілдеде болған қатты желден электр желісінің жеті тірегі құлаған. Салдарынан «Құрманғазы» мен «Исатай» станцияларын энергиямен жабдықтауда қиындықтар туындады.