Кәсіпқой теннисші Зарина Дияс спорттан кете ме?
Әлеуметтік желілерде Зарина Дияс спорттық карьерасын аяқтады деген қауөсек тарады. Оған себеп, спортшының соңғы жарыстарда бой көрсетпеуі еді.
Осыған орай, алаңдаушылық танытқан жанкүйерлеріне Зарина ресми мәлімдеме жасады.
- Көп адамдар менің қазір қайда екенімді, немен айналысып жүргенімді сұрауда. Теннисті тастап кеттім бе жоқ па деген сауалдар да сіздерді мазалап жүр екен. Жоқ, мен теннисті тастамадым. Өздеріңіз білетіндей, тек денсаулығыма байланысты үзіліс алуға тура келген еді. Бірақ қазіргі таңда жағдайым жақсарып қалды. Турнирлар мен жанкүйерлердің қолдауын қатты сағындым. Қатарға тезірек қосылуымды өзім де тағатсыз күтіп жүрмін, - деді.
Сондай-ақ, ол жуық арада жаттығуларды қайта қолға алатынын жеткізді.
Еске сала кетейік, 2021 жылы иық жарақатын алған теннисші уақытша спорттан үзіліс алған болатын.