Спорт әлемі

Карлос Алькарас “Уимблдон 2024”жеңімпазы

Карлос Алькарас “Уимблдон 2024”жеңімпазы

Балауса ЖАҚСЫБАЙ


Испандық теннисші Карлос Алькарас серб

спортшысы Новак Джоковичті Уимблдондағы үлкен  финалда қатарынан екінші рет жеңді,- деп хабарлайды KazFace.kz.


Лондонда Уимблдон турнирінің ерлер арасындағы финалы мәресіне жетті. Әлемнің үшінші ракеткасы  Карлос Алкарас мансабында төртінші рет "Үлкен Дулыға" турнирінде қарсыласын ойсырата жеңді. Ақтық сында Карлос Алькарас Новак Джоковичті 6:2, 6:2, 7:6 ұпаймен жеңді.


Испандық  ойыншы үшін бұл Уимблдондағы екінші жеңіс. Өткен жылы британдық майордың финалында Алькатрас Джоковичті  жеңіп алған еді.


Айта кету керек, серб ойыншысы Новак Джокович  теннистен әлемнің бірінші ракеткасы. Уимблдан жарыстарының 5 мәрте жеңімпазы.