Жаңалықтар

Кәрім Мәсімов тағы да күдікке ілінді

Кәрім Мәсімов тағы да күдікке ілінді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов ақшаны жылыстату және пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KazFace.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК К.Мәсімовке қатысты ҚР ҚК-ның 218-бабы "қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)" және 366-бабы "Аса ірі көлемде пара алу" бойынша соталды тергеп-тексеруді жалғастырып жатқанын хабарлаймыз, - делінген хабарламада.

Комитет қылмыстық-атқару кодексінің 92-бабы 3-бөлігіне сәйкес Мәсімов прокуратураның санкциясымен қылмыстық іс шеңберінде бірқатар тергеу әрекеттерін жүргізу үшін Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторына қалдырылғанын айтты.

Айта кету керек, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, соталды тергеп-тексеру материалдары жарияланбайды.