Жаңалықтар

Кәрім Мәсімов Қылмыстық кодекстің бес бірдей бабы бойынша тергеліп жатыр

Кәрім Мәсімов Қылмыстық кодекстің бес бірдей бабы бойынша тергеліп жатыр

ҰҚК-ның экс-басшысы Кәрім Мәсімов 6 сәуірге дейін қамауда болады. Сот қамауға алу мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлағандай, оның ісі Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша тергеліп жатыр. Олардың қатарында пара алу, билікті және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану, сондай-ақ мемлекетке опасыздық жасау бар.

Осыған дейін тергеу кезінде Мәсімовтің мүлкіне тыйым салынғаны туралы хабарланған болатын. Мемлекет кірісіне тәркілеу туралы шешімді сот қабылдайды.

ҰҚК-ның экс-басшысына қатысты қылмыстық іске «өте құпия» деген белгі берілді.

Айта кетейік, Бас Прокурор Кәрім Мәсімовтің 17 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Сол сияқты жақында ҰҚК Кәрім Мәсімовке тиесілі дүние-мүліктің бір бөлігін жариялаған болатын.