Спорт әлемі

Көшпенділер ойындары:Қазақстан қанжығасында 53 медаль

Көшпенділер ойындары:Қазақстан қанжығасында 53 медаль

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының медальдық есебінде Қазақстан үлкен айырмашылықпен көш бастап тұр, деп хабарлайды KazFace.kz.

Жарыстың төртінші күніндегі көрсеткіштер бойынша  Қазақстан спортшылары 53 медаль ұтып алды. Оның  ішінде 24 алтын, 11 күміс, 18 қола медаль бар.

"Жамбы ату" түрік стиліндегі садақ атудан жарыста алтынды Ералхан Айкөз, ал қоланы Айтбек Сарыбай жеңіп алды. "Қалқан" нысанасы бойынша дәстүрлі садақ атуда Ербол Тапенов күмісті, ал Қанат Қасымхан қоланы жеңіп алды.

"Қазақ күресі" жарысында қазақстандық балуандар төрт алтын медаль алды. Жеңімпаздар қатарында Ерсұлтан Музаппаров (100 келіге дейін), Зарина Сарипова (65 келіге дейін), Роза Нысантайқызы (70 келіге дейін) және Нұрдәулет Жарылғапов (100+ келі) бар. Команданың қоржынында бір күміс және екі қола жүлде бар.

"Құраш" күресінде қазақстандық спортшылар төрт күміс және үш қола медаль жеңіп алды. "күрестен" жарыста Ольга Душаева (75 келіге дейін) және Еркебұлан Еран (105 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды. "Көкпарда" Қазақстан командасы АҚШ-ты 12:4 есебімен жеңіп, Ресеймен кездесуге дайындалып жатыр.