Ішкі істер министрлігінің басшысы елордадағы жан түршігерлік қылмыс жайлы мәлімдеме жасады
Астана қаласында ер адам төрт жасар жиенін терезеден лақтырып, енесін пышақтап, кейін жетінші қабаттан секіріп кеткен. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов елордада орын алған жантүршігерлік оқиға туралы мәлімдеме жасады - деп хабарлайды KazFace.kz.
Басқарма басшысы ойын бизнесінің мәселесіне кеңінен тоқталды. Ахметжановтың айтуынша, несиенің көмегімен онлайн-платформаларға ставка қою- халық үшін өте қолжетімді дүниеге айналды. Ал, түбі тәуелділікке алып келді.
Нәтижесінде, ойынға ақша тіккен азамат- қарыздың қойнауына кіріп, шарасыз күйден шыға алмай қалады.
Ақпан айында елордада отбасылық жанжал кезінде жұмыссыз ер адам әйелінің үстіне қайнаған су құйып, туыстарын пышақтап, 4 жасар баланы 6-қабаттан лақтырып жіберген. Кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Бүгінгі күні нақты лудомания мәселесімен айналысатын құзырлы органдар жоқ. Салық комитетінің бар уайымы- тек салықтық уақытылы төленуі. Жергілікті атқарушы органдар – тек бюджетке түсетін ақшаның қамын ойлайды. Кәсіпкерлер табыс қуып отыр. Нәтижесінде, халық зардап шегеді. Азаматтар мүліктерін кепілге қойып, тұрақсыз несиелер алады. Бұл мәселенің шеңберінде ерлі-зайыптылар ажырасып, жұмысыздыққа тап болып, қылмыс жасап, өз-өздеріне қол жұмсайды.
Бұл бір күндік табыстың қамын ойлаймын деп өмірлерін тығырыққа тірейтін азаматтардың мысалы. Статистикалық мәліметтер орын алған оқиғаны толық суреттемейді. Сол себепті,мәселенің шешілуіне бағытталған әдіс-тәсілдер, расында халықтың әл-ауқатында жасырын шешілмей келе жатқан мәселелердің шешімін табуға арналған,- деді Марат Ахметжанов.
Авторы: Арайна АРАЙҚЫЗЫ