Instagram-да алаяқтар Еуропада жұмыс ұсынады
Instagram-да алаяқтар жалған аккаунттар арқылы Қазақстан азаматтарына Англия мен басқа Еуропа елдерінде жұмысқа орналасуға уәде береді,-деп хабарлайды KazFace.kz.
Алаяқтар Instagram парақшаларында және стористерінде қызықты жұмыс ұсыныстарын жариялайды. Олар жұмыс іздеушілерге әртүрлі салада, мысалы, зауыттарда, қонақ үйлерде, мейрамханаларда немесе қызмет көрсету саласында жұмыс ұсынады.
Уәде етілетін жағдайлар өте тартымды болып көрінеді. Мысалы жоғары жалақы, тегін тұру және әдемі өмір. Көбінесе, олар жалған пікірлерді жариялап, бұрын жұмысқа орналасқан және шетелде бақытты өмір сүріп жатқан адамдардың әңгімелерін көрсетеді.
Жұмысқа орналастыру процесін бастау үшін, алаяқтар алдымен алдын ала төлем сұрайды. Бұл "визалық төлем", "әкімшілік жарна" немесе "жұмыс орны үшін кепілдік" болуы мүмкін. Ақша алғаннан кейін олар жоғалып кетеді.
Кейбір жағдайларда, алаяқтар сенімге кіру үшін жалған құжаттар жіберуі мүмкін. Олар жұмысқа шақыру, келісімшарт немесе виза. Осылайша олардың сенімділігін арттыруға тырысады.
Instagram мен басқа әлеуметтік желілерде алаяқтар жұмыс іздеушілерді өздерінің арбауларына түсіруге тырысады. Сондықтан, жұмысқа орналасу туралы ұсыныстарды тексеріп, ақша аудармастан бұрын барлық мәліметтерді мұқият зерттеу керек. Әрқашан тексерілген агенттіктер мен ресми көздерге ғана сеніңіз.