Жұлдыздар өмірі

Илон Масктың анасы Алматыда қыз баланың тұсауын кесті

Илон Масктың анасы Алматыда қыз баланың тұсауын кесті

Америкалық кәсіпкер, Tesla негізін қалаушы Илон Макстың анасы Мэй Маск Қазақстанға келген сапары барысында  бүлдіршіннің тұсауын кесті, деп хабарлайды KazFace.kz.

Мэй Масктың тұсау кескен сәтінің видеосын Алматы қаласының мәслихат депутаты Қарашаш Жүзеева Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

"Таңғажайып әйел Мэй Маск болашақтың кодын ашқан Илон Масктың анасы болғанымен ғана танымал емес. Сонымен қатар ол ең үздік рөл моделі ретінде жасқа қатысты қалыптасқан қағидаларды бұзып келеді", - делінген жазбада.

Еске сала кетейік, Мэй Маск Алматы қаласына  орталық Азия әйелдеріне арналған BeWoman форумына қатысу үшін арнайы келді. Форум барысында Мэй Маск алматылықтармен денсаулық, дұрыс тамақтану, қартаю, гендерлік теңдік, балаларды жалғыз тәрбиелеу, қиындықтарды жеңу және өзіне деген сенімділікті арттыру тақырыптарында тәжірибесін бөлісті.