Жаңалықтар

ІІМ Петропавлдағы оқушыны қалыпты мектепте баруына рұқсат берген мекемені атады

ІІМ Петропавлдағы оқушыны қалыпты мектепте баруына рұқсат берген мекемені атады

Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев Үкімет отырысында Петропал оқиғасындағы күдіктінің қалыпты мектепте оқуына рұқсат берген мекемені атады, деп хабарлайды KazFace.kz. 

«Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заңды өкілі анасы болып анықталды.

Күдіктінің психикалық денсаулығында проблема болған. Алматы қаласының Республиалық психикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығы жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыруға рұқсат берген», - деді Марат Қожаев.

Еске салсақ, Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке қаруланып келіп, бірнеше баланы жарақаттаған болатын.

Кеше түс кезінде оқиға кезінде зардап шеккен оқушылар жансақтау бөлімінде жатқаны белгілі болды.