Билік

Хромтау қаласының әкімі пара алғаны үшін айыппұл төледі

Хромтау қаласының әкімі пара алғаны үшін  айыппұл төледі

Балауса ЖАҚСЫБАЙ

Ақтөбе облысы Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шабықбаев 400 мың теңге пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 11,3 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Ол мемлекеттік қызметте өмір бойына қызмет атқару құқығынан айырылды, деп хабарлайды KazFace.kz.

Сот дерегінше, қазан айында әкімнің мүддесін көздеген Нұрбек Қазбек мердігерден Шабықбаевқа 400 мың теңге, өзі үшін 1,1 млн теңге талап еткен. Қорқытып алу фактісі бойынша іс жәбірленушінің кешіруіне байланысты тоқтатылды.

Екі айыпталушы да кінәсін толық мойындады. Сот шешімімен Сағындық Шабықбаев пен Нұрбек Қазбек мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда өмір бойы жұмыс істеу құқығынан айырылып, әрқайсысына 11,3 млн теңге айыппұл салынды.