Жаңалықтар

Халықаралық делегация мүшелері ерекше қорғалатын болады

Халықаралық делегация мүшелері ерекше қорғалатын болады

Балауса ЖАҚСЫБАЙ 

Қазақстанда  2-5 шілде аралығында  маңызды халықаралық іс-шаралар өтеді деп күтілуде. Осы ретте терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб мамандары  барша қазақстандықтардан осы күндері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды, - деп хабарлайды KazFace.kz. 

Қазақстанда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңесі мен Қытай Халық Республикасы Төрағасының мемлекеттік сапары сияқты маңызды халықаралық іс-шаралар ұйымдастырылмақ.   

Қонақтар келген күннен  бастап яғни 2 шілде  00:01-ден 4 шілдеге дейін 23:59-ға дейін іс-шаралар өткізу объектілерінің аумағында терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілді. Бұл Ақмола, Қарағанды облыстары мен Алматы қалаларына  тікелей қатысты. 

Белгіленген режим шеңберінде жекелеген учаскелерде жеке тұлғалар мен автокөліктердің қозғалысы шектеледі, сондай-ақ арнайы трассаларда қалалық жолаушылар көлігінің маршруттары өзгертіледі. 

Айта кетейік,  2-4 шілде аралығында аталған қалаларда ШЫҰ саммитін өткізу объектілерінде террористік қауіптіліктің орташа ("сары") деңгейі белгіленді. Бұл патрульдерді күшейтуді, объектілерді осалдыққа тексеруді, сондай-ақ мамандандырылған техника мен кинологиялық қызметтін тарта отырып, көлік тораптарында тексеру сынды  іс-шаралар кешенін көздейді.