Әлем жаңалықтары

Гуанчжоу қаласының экс-мэрі өлім жазасына кесілді

Гуанчжоу қаласының экс-мэрі өлім жазасына кесілді

Балауса ЖАҚСЫБАЙ 

Қытайдың Гуанчжоу қаласының бұрынғы мэрі Чжан Ци аса ірі көлемдегі жемқорлық, бюджет қаражатын жымқыру және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану фактілері бойынша өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды KazFace.kz.

Соттың мұндай қатаң үкім шығаруына оның заңсыз жолмен жинаған орасан байлығы дәлел болған.

Тергеу барысында Чжан Циден 13,5 тонна алтын және жалпы сомасы 286 млрд юаньды құрайтын 23 тонна қолма-қол ақша тәркіленген. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, тергеу алты жылға созылған.

Анықталғандай, экс-мэр параны тек қолма-қол ақша немесе алтын түрінде ғана алмаған. Ол мемлекеттік келісімшарттар мен жер телімдеріне қатысты мәмілелерді өткізу үшін ірі көлемде пара алып отырған.

Заңсыз табыстарын шенеунік Қытайда және шетелде орналасқан элиталық жылжымайтын мүлік пен қымбат автокөліктер сатып алуға жұмсаған.

Қытай билігі бұл істі елдегі жемқорлыққа қарсы күрестің айқын мысалы ретінде атап отыр.