Әлем жаңалықтары
12-го марта 2025 г. 13:26
Грузия соты экс-президент Михаил Саакашвилиді 9 жылға соттау туралы үкім шығарды. Ол мемлекет бюджетінен 3,2 миллион доллар ұрлады деп айыпталуда, деп хабарлайды KazFace.kz.
Айыптаушылардың айтуынша, Саакашвили президенттік қызметте болған кезде мемлекеттік қаражатқа пиджактар, пальталар сатып алып, ұлының оқуын төлеген. Косметикалық процедуралар жасаған.
Еске салсақ, Михаил Саакашвили 2004-2013 жылдар аралығында Грузияның президенті болған. Ол 2013 жылы Грузиядан кетіп, Украинаға көшті.
2021 жылдың қазан айында Саакашвили Украинада Владимир Зеленскийдің президенттік кеңсесінде жұмыс істеп жүрген кезде, Грузияға жасырын оралды. Сол кезде оған шекараны заңсыз кесіп өткендігі үшін айып тағылған еді.