Жаңалықтар
2-го марта 2022 г. 04:42
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына 30 жыл толуына байланысты пікір білдірді.
«Қазақстан осыдан 30 жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Біз БҰҰ-мен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өркениетті қоғам құру мәселесіне байланысты ынтымақтастық орнаттық. Геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде осы ұйымның әлеуеті мен рөлін арттыра түсу керек», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.
Қазақстан осыдан 30 жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Біз БҰҰ-мен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өркениетті қоғам құру мәселесіне байланысты ынтымақтастық орнаттық. Геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде осы ұйымның әлеуеті мен рөлін арттыра түсу керек.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) March 2, 2022