Қоғам

Гүлбану Әбенова: «Актёрлер, халықты жалған кастингтерге шақыруды доғарыңдар»

Гүлбану Әбенова: «Актёрлер, халықты жалған кастингтерге шақыруды доғарыңдар»

Балауса ЖАҚСЫБАЙ

Журналист Әбенова соңғы уақытта көбейген жалған кастингтер, актерлер арқылы жарнама жасап, балалар мен ата аналарды алдау схемасы туралы өз пікірін білдіріп, фейсбук парақшасында жазба қалдырды, деп хабарлайды KazFace.kz.

Оның сөзінше, кейбір танымал актёрлер мен медиа тұлғалар «фильмге кастинг» деген желеумен ата-аналар мен балаларды алдап, қымбат «курстар», «портфолио» мен «фотосессияларды» күштеп сатып келеді.

Журналисттің  айтуынша, мұндай «жобалардың» көпшілігінде шынайы фильм де, нақты продюсер де жоқ. Бәрі сенімді пайдаланып, ақша табудың амалы.

“Бұл ата-аналардың үміті мен балалардың арманын сатудың ең ұсқынсыз түрі”, - дейді ол.

Ол сондай-ақ сахнада жүрген кейбір танымал актёрлердің осындай схемаларға қатысатынына қынжылыс білдірді:

«Балаға ‘бас рөл’ уәде беріп, кейін ақша талап ету мәдениет адамына тән емес әрекет. Сіздер балалардың сенімін бұзып, олардың үмітін таптап жатырсыздар», — деді Әбенова өз жазбасында.

Журналист ата-аналарды абай болуға шақырып, шынайы кастингтер ресми киностудиялар мен кастинг агенттіктері арқылы өтетінін, сондай ақ алдын ала төлем талап етпейтінін еске салды.

«Балалар табыс көзі емес. Ата-аналардың сенімі сауда құралы емес. Өзіңізді де, атыңызды да қадірлеңіз» деп танымал тұлғаларға үндеу жасады.