FlyArystan жолаушылары шу шығарды
Әлеуметтік желіде FlyArystan жолаушыларының наразылық білдіріп, әуежайда шу шығарған видеосы кең тарады, деп хабарлайды KazFace.kz.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға Астана әуежайында 25 ақпан күні орын алған. Астана-Шымкент бағыты бойынша рейіс белгіленген уақытта ұшпай, 10 сағатқа дейін шегерілген. Тіпті, кейін мүлдем тоқтатылған.
Ал, жолаушылардың наразылық білдіру себебі, комитет ауа-райына байланысты рейстің тоқтағанын мәлімдесе де, басқа авиакомпаниялардың ұшақтары жарты сағаттан кейін ұшып кеткен. FlyArystan қызметіне көңілі толмағандар құзырлы органдарға шағымданған.
Осыған байланысты Азаматтық авиация комитеті пікір білдірді.
«Астана – Шымкент КС-7307 рейсі «айрбас-А320» әуе кемесімен ұшу сағат 05.40-қа жоспарланған болатын. Ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстің ұшуы кейінге қалдырылған. Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қосымша тексеру жүргізеді, авиакомпания тарапынан заң бұзушылық анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданады», – деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.
Сонымен қатар, барлық өтініш білдіргендерге билеттер құнын толық қайтарылатынын жеткізді.