«Еуропада тағы екі ресейлік олигархтың яхтасы тәркіленді» - БАҚ
Италияда билік Ресейдің Украинаға шабуылына байланысты Еуроодақтың санкциясына ұшыраған ресейлік олигархтардың мүлкін тәркілеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Insider басылымына сілтеме жасап.
Италиялық БАҚ мәліметінше, 4 наурызда "Северсталь" компаниясының негізгі иесі Алексей Мордашовқа тиесілі Lady M яхтасы Империя қаласының портында ұсталған. Сол күні Сан-Ремода Геннадий Тимченконың "Лена" яхтасы тәркіленген.
Сондай-ақ, Тосканада олигарх Олег Савченкоға тиесілі құны үш миллион еуро тұратын виллаға бұғат қойылғаны хабарланды.
Lady M яхтасына Мордашовтың әйелінің есімі берілген. Кеменің ұзындығы 65 метр, құны - 55 миллион доллар.
Ұзындығы 40 метрлік "Лена" яхтасының құны - 50 миллион доллар. Тимченко "Волга" жеке инвестициялық тобының иесі, оның активтері 22 миллиард долларға бағаланған.
Италия сыртқы істер министрі Луиджи Ди Майо Италия ресейлік олигархтардың мүлкін тәркілеу операциясын бастағанын айтты. "Бұл Путиннің төңірегіндегілер, санкциядан үлкен шығын көріп отыр", - деді ол.
Бұған дейін Францияда "Роснефть" басшысы Игорь Сечиннің яхтасы, Германияда Әлішер Усмановтың 156 метрлік суперяхтасы тәркілеген болатын.