"Ешкімнің көзіне түспеуімді өтінді": Айсұлтан Барысов
Қазақстандағы жалғыз қорғаныс техникасын шығаратын зауыт басшысы, кәсіпкер Айбек Барысов байланыстары арқылы ұлын әскерден алып қалған, деп хабарлайды KazFace.kz
Бұл туралы кәсіпкердің ұлы Айсұлтан өзінің инстаграм парақшасында мәлімдеген.
15 қыркүйекте әскерге шақыру келді. Менің әскерге барғым келмейді. Сондықтан жақындарыма жағдайымды айттым. Олар Астанадан кетіп, ешкімнің көзіне түспеуімді өтінді. Біраз уақыттан кейін мәселе шешілгенін естідім. Енді мен құжат бойынша әскерге жарамсызбын! - деді ол парақшасында.
Мыңдаған оқырманы бар Айсұлтанның бұл қылығы қоғамда резонанс тудырды.
Журналистік зерттеудің шебері, журналист Гүлбану Әбенова кәсіпкердің үстінен құзырлы органдарға шағымданып, сауал жолдады.
Әкесі жағдайды шешкеннен кейін қандай негізде оның шақыртуын кейінге қалдырдыңыздар? Әскерге шақырылған жігіттің айтуынша, қорғаныс саласына 20 мың әскер жетіспесе, неге оған міндеттемеді? Неліктен байлардың балалары тығылып әскерден қашады? - деді журналист.
Қорғаныс министрлігі өз кезегінде Барысовтың борышын өтеу мерзімі кейінге қалдырылмағанын жеткізді.
Айсұлтан Барысов 3 наурыздан бастап Астана қаласындағы Алматы ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасында әскери есепте тұрды. 28 сәуірде Алматы қаласына есепке тіркелген. Жергілікті әскери басқару органдары тарапынан оның әскерге шақырылуы кейінге қалдырылған жоқ. Қазіргі уақытта шақыру қағазын өз қолына тапсыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деді министрлік.
Осы орайда Айбек Барысов күтпеген мәлімдеме жасады. Ол ұлының денсаулығында кінәрат бар деп жеке клиниканың анықтамасын көрсетті. Бірақ, оның өзі күмән тудырады. Сонымен қоса, әу, баста Қазақстан әскерін жерден алып жерге салып, ол жерде білгендерін істейді деген Айсұлтанның парақшасы кенет жоғалып, өшірілді. Желі қолданушылары Барысовтардың сценарийлері бірін-біріне ұйқаспай кеткеніне дал. Олар Айбек Барысовтың техникасынан қарағанда, Қорғаныс министрлігі шетелден техника алғанына кәсіпкер өкпелі болып, ұлын жібермей отыр десе, бірі бұл жайт арқылы қорғаныс саласындағы былық ашылды дейді.
Айта кету керек, Айбек Барысов Қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары қауымдастығының төрағасы, Kazakhstan Paramount Engineering негізін қалаушы.