Спорт әлемі

Ерхан Бексұлтанов Азия чемпионы атанды

Ерхан Бексұлтанов Азия чемпионы атанды

Ерхан Бексұлтанов еркін күрестен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды KazFace.kz 

Иордания астанасы - Амман қаласында күрес түрлеріненАзия чемпионатының (U15&U20) соңғы күні U20 еркін күрестен 5 келі салмақ дәрежесінде белдесулер өтіп, балуандарымыз ел қоржынына 4 жүлде салды.

Атап өткенде, 74 келіде сынға түскен Ақмола облысының балуаны Ерхан Бексұлтанов финалда Иран елінің өкілі Хосейн Аббас Мұхаммадты 10:0 есебімен ұтып, Азия чемпионы атанды.

Сондай-ақ 61 келіде сынға түскен Әбдінұр Нұрланбек кореялық Хун Минді 8:1, 86 келідегі Иманғали Қалдыбек өзбек Искандарбек Тожибоевты 4:2 және 92 келідегі Нұрдәулет Бекенов моңғол Делгердалай Демберелді 12:0 есебімен ұтып, құрлық чемпионатының қола жүлдесін иеленді.