Жаңалықтар

Ерлан Тұрғымбаев отставкаға жіберілді – қоғам қайраткері

Ерлан Тұрғымбаев отставкаға жіберілді – қоғам қайраткері

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қызметінен босатылғаны туралы белгілі болды.

Бұл туралы қоғам қайраткері, HAQ қозғалысының жетекшісі Тоғжан Қожалиева Facebook парақшасында хабарлады.

«Тұрғымбаевты алып тастады.. Жаңалық үшін бір досыма рахмет» деп жазды HAQ қозғалысының жетекшісі.

Дегенмен әзірге кадрлық шешім туралы ресми мәлімдемелер жоқ.

Қаңтар оқиғасынан кейін полицейлер жұмысындағы азаптау туралы көптеген арыз-шағымдардың кейбірі расталған, сондай-ақ негізсіз қамауға алу фактілеріне байланысты қоғам тарапынан сынға ұшырап, наразылық туды. Қанды қаңтардан кейін бірден ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев құқық қорғау органы қызметінен босатылмаған жалғыз басшы болды.

Алдымен қызметінен, кейін бостандығынан айрылған ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов болса, бір күн бұрын бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов та қамауға алынды.

Саясаттауншы Ербол Еділовтың дереккөздерінің хабарлауынша, жаңа ішкі істер министрі болып Нұрғали Білісбеков тағайындалады. Ол қазір Ұлттық Қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқаруда.