Ерлан Қарин алдағы сайлаудың басты ерекшеліктерін атады
Жуырда президент мәжілісті таратқаны белгілі. Алдағы кезектен тыс мәжіліс депутаттарының сайлауы 19 наурызда өтетін болды.
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек, дейді ҚР мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин. Оның айтуынша, аталған саяси науқанның басты ерекшеліктері бар.
- Ең алдымен бұл кезектен тыс сайлау болса да, өтетін мерзімі жарты жыл бұрын белгілі болды. Биыл мәжіліс депутаттарының жаңа құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы болмайды. Сайлауға 7 саяси партия қатысуға құқылы, - деді ол.
Сондай-ақ, үміткерлер өзін-өзі ұсынуға мүмкіндік туған. Партиялардың парламентке өту шегі 7 пайыздан 5 пайызға төмендеді.
- 2004 жылдан бастап алғаш рет Мәжіліске кандидаттар бір мандатты округтер бойынша сайланатын болады (98 депутаттың 29-ы). Әйелдер, жастар және партиялық тізімдерге ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін 30 пайыздық квота мандаттарды бөлу кезінде де қолданылатын болады, - деп қосты Ерлан Қарин.
Айта кету керек, алғаш рет сайлау парағына "бәріне қарсымын" деген баған енгізілді. Аймақтық сайлау комиссияларының жұмыстарында да бірқатар өзгерістер бар. Олар енді кәсіби түрде қызмет атқарады. Сайлаушылар бес бюллетень бойынша дауыс береді. Тек республикалық маңызы бар қалаларда бюллетень саны төртеу.