Билік

Ерлан Ақкенженов энергетика министрі болып тағайындалды

Ерлан Ақкенженов энергетика министрі болып тағайындалды

Ерлан Ақкенженов президент жарлығымен Қазақстан Республикасының энергетика министрі болып тағайындалды,деп хабарлайды Kazface.kz.

Жаңа министр 1979 жылы Алматыда дүниеге келген. «Әділет» жоғары құқық мектебі мен «Астана» университетін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы жеке меншік ұйымнан бастаған. 2004-2012 жылдары мұнай саласында басшылық қызметтер атқарды. 2012-2016 жылдары KPMG International (Rompetrol) компаниясында жұмыс істеді.

2022 жылдан бері «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өнімдері маркетингі басқармасының бастығы болған.