Жаңалықтар

Ербол Назарбаев Антикордағы қызметінен босатылды

Ербол Назарбаев Антикордағы қызметінен босатылды

Әлеуметтік желілерде полицейлердің жол ережесін бұзды деген айыппен Антикор қызметкері отырған көлікті тоқтатып тұрған видео тараған еді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сонымен қатар кейбір БАҚ беттерінде автокөлік иесінің Болат Назарбаевтың ұлы Ербол Назарбаев екені айтылған болатын.

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қоғамдық желілерде таралып жатқан видеоға қатысты мәлімдеме жасады.

Агенттіктің хабарлауынша, Ербол Назарбаев Антикорда қызмет етпейді.

«2022 жылғы 26 қаңтарда Агенттік Төрағасының бұйрығымен Е.Назарбаев Агенттіктің Арнайы департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды. 

2022 жылғы 14 сәуірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарынан шығарылды», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәлімдемесінде.