Билік
18-го марта 2025 г. 17:11
Алмасадам Сәтқалиев энергетика министрі лауазымынан босатылып, Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды KazFace.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Мемлекет басшысының ;арлығымен Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан Республикасы атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – делінген хабарламада.
Еске салақ, 2023 жылғы 4 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының энергетика министрі болып тағайындалып, қазірге дейін осы қызметті атқарып келді.